сенбі, 23 қараша, 2024 5:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Энергетика вице-министрі қызметінен кетті

Энергетика вице-министрі қызметінен кетті
ашық дереккөзі
Энергетика вице-министрі қызметінен кетті

ҚР Энергетика вице-министрі Жанат Жақметова қызметінен босатылды, деп хабарлайды Жамбылинфо ақпарат агентігі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Үкіметінің қаулысымен Жанат Зарубекқызы Жақметова берген өтінішіне сәйкес ҚР энергетика вице-министрі қызметінен босатылды, - делінген хабарламада.
Жанат Жахметова 1986 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін және Абердин университетін бітірген. Еңбек жолын 2009 жылы «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ сынақ зертханасының жетекші маманы болып бастады. Әр жылдары ақпараттандыру саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеді. 2014-2016 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы. 2016-2020 жылдары – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары. 2020 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар