Жаңалықтар

Энергетикалық сусындарға тыйым салынды

Энергетикалық сусындарға тыйым салынды

Қырғызстанда энергетикалық сусындарға тыйым салынады. Бұл туралы Жамбылинфо El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Қырғызстанның Жогорку кенеш депутаттары ел аумағында энергетикалық сусындарды сату, өндіру және елге кіргізу туралы заң жобасының концепциясын мақұлдады. Экономика және сауда министрінің орынбасары Искендер Асылкуловтың сөзіне қарағанда, энергетикалық сусындарды кіргізуге тыйым салу мерзімі 6 айдан аспауы керек.