Жаңалықтар
Ерұлан Жамаубаев Қаржы министрлігінде жемқорлық фактілері неге көп тіркелгенін түсіндірді
- авторjambylinfo.kz
- 21 қыркүйек, 2022
- 289
Ерұлан Жамаубаев Қаржы министрлігінде жемқорлық фактілері неге көп тіркелгенін түсіндірді
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өзіне қарасты ведомствода жемқорлық фактілері неге көп тіркелгенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бас прокуратураның жүргізген ресми статистикасы бойынша, ішіндегі жемқорлары ең көп министрлік Қаржы министрлігі екені айтылды. Бұл туралы ойыңыз қандай?», - деп сұрады БАҚ өкілі Қаржы министрінен.
Ерұлан Жамаубаевтың пайымынша, мұндай статистика ешкімге абырой әкелмейді.
«Біріншіден, бұл жөнінде тиісті ескертулер жасалды. Қазір бүкіл өңірлермен жұмыс атқарылып жатыр. Әрине, бұл статистика ешкімге жақсылық әкелмейді. Бірақ айналып келгенде кешенді түрде жұмыстар жүргізіп жатырмыз.
Екіншіден, өздеріңіз білесіздер, жалпы министрліктердің ішінде біздің министрлік ең үлкені. Яғни құқық қорғау органдарын алмайтын болсақ, Қаржы министрлігінің қызметкерлері бүкіл мемлекет қызметкерлерінің 25 пайызын құрайды. Сол статисканы өздеріңіз адам басына шағып қарасаңыздар, біз бірінші орында тұрамыз», - деді вице-премьер.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Отставкаға кетемін- Юрий Ильин
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мектеп шыршадан құлаған мұғалімнің барлық шығынын өтейді
- авторИндира Тәліпқызы
- 17 қаңтар, 2025