дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 6:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ербол Қарашөкеев: Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда болуға тиіс

Ербол Қарашөкеев: Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда болуға тиіс
ашық дереккөзі
Ербол Қарашөкеев: Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда болуға тиіс
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев "Балалардың қауіпсіздігі – қоғамның міндеті" тақырыбында өткен ашық форумға қатысты. Облыстық прокуратура жанындағы Консультативтік кеңестің бастамасымен "Оқушылар сарайында" ұйымдастырылған шара барысында тақырып аясында мәселелер талқыланды.
Облыс әкімі тақырып аясындағы мәселенің маңыздылығына айрықша көңіл бөліп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты талаптардың бірі екеніндігіне тоқталды. "Мемлекет басшысы кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді тапсырып, "Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек", – деді Парламент палаталарының бірлескен отырысында.  width= Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттына жергілікті бюджеттен 1 миллиард 765 миллион теңге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, 238 білім беру ұйымы жедел басқару орталығына интеграцияланып, 257-сі дабыл түймесімен жабдықталды. Сонымен қатар 151-і мамандандырылған күзетпен, оның 149-ы турникетпен қамтамасыз етілді. Бұл тұрғыдағы жұмыстар жалғасатын болады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесі де қатаң бақылауға алынуы қажет.
Ербол Қарашөкеев: Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда болуға тиісСурет: Жамбыл облысы әкімдігі
Биылғы 10 айда облыста кәмелетке толмағандар арасында 78 қылмыс тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 пайыз төмендеген. Осы бағыттағы шараларды тиісті құзырлы органдармен бірлесе күшейтіп, әрі қарай жандандырған жөн. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықпен бірге, оларға қарсы жасалатын қылмыстарды да назардан тыс қалдырмау керек. Осы мақсатта 2023 – 2025 жылдарға арналған облыстық кешенді жоспар жобасы әзірленді,-деді Ербол Қарашөкеев. Сонымен қатар аймақ басшысы оқушылар арасындағы орын алып отырған буллинг, кибербуллинг, суицид жағдайлары алаңдататынын айтып, әлеуметтік желінің ықпалы аса белсенді кезеңде балаға сапалы біліммен қатар мықты тәрбие беру негізгі ұстанымға айналуы тиіс екендігін еске салды. Бүгінде психологиялық көмекті қажет ететін оқушылар мен колледж студенттері арасында дер кезінде көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатында "Komek Stop Bullying", "Психологиялық қызмет HR+" пилоттық жобалар жүзеге асуда.
Ербол Қарашөкеев: Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда болуға тиісСурет: Жамбыл облысы әкімдігі
"Бұл шаралар оң нәтиже береді деген сенімдемін. Бала күлкісі мен бақыты ата-аналардың жүрегін риясыз мейірімге толтырады. Әйтсе де, соңғы уақыттары келеңсіз оқиғалар жиілеп кетті. Сондықтан, балалардың қауіпсіздігі ата-ана мен ұстаз үшін де, қоғам мүшелері үшін де әркез басты назарда болуы тиіс", - деді облыс әкімі.
Ал облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров балалардың өз мәселелерін жасыратынын, осы тұрғыда жан-жақты жұмыстар жүргізу керектігін атап өтті.
Ербол Қарашөкеев: Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда болуға тиісСурет: Жамбыл облысы әкімдігі
Сонымен қатар ол профилактикалық жұмыстар кезінде бала жағымсыз салдар мен жариялылықтардан қорықпай, бар проблемасы туралы хабарлай алатын жағдайларды міндетті түрде жасау қажеттігіне назар аудартты. Осы орайда консультативтік кеңестің шешімін орындау аясында өңірде барлық оқушылар үшін уәкілетті органдарды өз проблемалары туралы анонимді түрде хабардар ету мүмкіндігін беретін "Саған көмек!" бағдарламасының жүзеге асырылуы басталыпты. Бұдан бөлек Нұрғалым Әбдіров "Жамбыл облысы прокуратурасының Консультативтік кеңесінің жанынан балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Штаб ашылатындығын жеткізді. Өз кезегінде облыстық полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин де бірқатар көрсеткіштерге тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлы шараларды баяндады. Сонымен қатар жиында "IT Group Kazakhstan" ЖШС-ның директоры А.Сабурова "Komek Stop Bullying"жобасын таныстырса, Жамбыл облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Д.Бағжановтың, психология ғылымдарының кандидаты Г.Вероцкая да орамды ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Ербол Қарашөкеев: Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда болуға тиісСурет: Жамбыл облысы әкімдігі
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар