жексенбі, 16 наурыз, 2025 15:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ербол Қарашөкеев тараздықтармен бірге ағаш отырғызды

Ербол Қарашөкеев тараздықтармен бірге ағаш отырғызды
Фото: jambylinfo.kz
Бүгін Тараз қаласында жалпыхалықтық сенбілік өтіп, әулиеаталықтар тал егу жұмыстарына атсалысуда.

Аталмыш шараға аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев те қатысып, Бәйтерек шағын ауданындағы №3 мектеп-лицейдің ауласына ағаш отырғызды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жалпыхалықтық сенбілік аясында білім ұясының айналасына 200 тал егілді.

Айта кету керек, бұл сенбілік ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен ағымдағы жылдың 15 наурыз бен 20 сәуір аралығында «TazaLike» акциясы аясында ұйымдастырылды. Өңірде науқанға сай іс-шаралар жоспары бекітіліп, соның алғашқы шарасы «Таза қала» атауымен бүгін Тараз шаһарында өтті.

Бүгінгі күнге егілетін тал-дарақтардың орындары белгіленіп, «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС тарапынан ұйымдастыру шаралары жүргізілетін болады. Аймақта акция аясында 7000-нан аса ағаш отырғызу жоспарланған.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар