Жаңалықтар
Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасын қабылдады
- авторjambylinfo.kz
- 6 қыркүйек, 2023
- 503
Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасын қабылдады
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Руслан Мелдебековті қабылдады
Руслан Мелдебеков аймақ басшысына бүгінге дейін тексеру комиссиясы тарапынан атқарылған жұмыс барысын қорытындылап, мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижесінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер туралы баяндады.
Оның айтуынша, осы күнге дейін мемлекеттік аудит объектілерінің тізбелеріне сәйкес 10 мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізген. Мемлекеттік аудитпен 238 461,6 миллион теңге қаражат қамтылып, нәтижесінде 572 бірлікті құрайтын рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, 30 бірлік жүйелік проблемалар мен кемшіліктер және 45 601,9 миллион теңгенің бұзушылықтары анықталған.
Лауазымды тұлғалардың тарапынан заңсыз іс-әрекеттердің орын алуына байланысты процессуалдық шешім қабылдау үшін 3 материал құқық қорғау органына жолданды.
Аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтарға жол берген мемлекеттік аудит объектілерінің 40 қызметшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, 70 қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 35,3 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақстандық оқушылар қысқы демалыста 10 күн демалады
- авторСадуақас Айсұлу
- 22 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте Эрмитажды аралады
- авторСадуақас Айсұлу
- 22 желтоқсан, 2025






