сәрсенбі, 2 қазан, 2024 15:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ербол Қарашөкеев жамбылдық пара спортшы Өмірәлі Нышанның қазасына байланысты көңіл айтты

Ербол Қарашөкеев жамбылдық пара спортшы Өмірәлі  Нышанның қазасына байланысты көңіл айтты
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі
Бұл туралы аймақ басшысы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев белгілі пара спортшы Өмірәлі Нышанның қазасына орай, марқұмның жақындарына қайғыра көңіл айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ербол Шырақпайұлы 
ардақты азаматтың қазасын зор күйзеліспен қабылдағанын жазған. 

"Нышан бауырымыз ер азаматқа тән өр мінез, батырлық пен батылдық, қайсарлық сынды қасиеттерімен ерекшеленді. Асқақ рухтың жарқын үлгісін көрсетті. Байрақты бәсекелерде Әнұранымызды әуелетіп, көк Туымызды биікте желбіретті. Толағай табыстарға жетті. Пара таеквондошы екі дүркін Әлем чемпионы, Азия чемпионы, сондай-ақ Азия ойындарының және түрлі халықаралық дүбірлі додалардың жүлдегері атанды. Паралимпиада ойындарында да бар күш-жігерін жұмсап, ел намысын абыройлы қорғай білді. Марқұмның иманы саламат, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! Артында қалған туған-туыстарына ұзақ ғұмыр тілеймін!", -деп жазған облыс әкімі.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар