Жаңалықтар
Ербол Қарашөкеев жамбылдықтарды мерекемен құттықтады
- авторjambylinfo.kz
- 1 мамыр, 2024
- 558
Ол өз сөзінде татулық пен тыныштықты ту еткен еліміз үшін бұл мерекенің маңызы зор екендігін айтты
Бүгін Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жамбылдықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп жазады Jambylinfo.kz
Әулиеата өңіріндегі 87 этнос өкілдері ортақ Отанымыздың тыныштығы мен тұрақтылығын сақтауға үлес қосып келе жатқанын айтқан аймақ басшысы ел бірлігін одан сайын арттыра түсуге шақырды.
- «Бірлік – береке бастауы». Ынтымағы жарасқан елдің ғана болашағы жарқын болары сөзсіз. Жақында ғана Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты сессиясында Ассамблея өте ауқымды қайырымдылық шараларын дер кезінде және жедел ұйымдастырып келе жатқандығын атап өтіп, жоғары баға берген болатын. Бүгінде қасиетті Әулиеата өңіріндегі 87 этнос өкілдері де ортақ Отанымыздың тыныштығы мен тұрақтылығын сақтауға үлес қосып келеді. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен 75 этномәдени бірлестіктің ұйымдастыруымен қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған іс-шаралар мен қайырымдылық жобалар жемісті жүзеге асуда. Бүгінде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына барлық жамбылдықтар белсене атсалысуда. 2020 жылдан бері өңірімізде қолға алынған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы өз нәтижесін беруде. Бірлік – біздің негізгі күшіміз! Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең негізгі құндылықтарымыздың бірі. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету - әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен тағы да құттықтап, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін! Достық пен ынтымағымыздың мәртебесі биік болсын!,- деді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз