Ерболат Досаев жедел штабтың шұғыл кеңесін өткізіп жатыр
Ерболат Досаев жедел штабтың шұғыл кеңесін өткізіп жатыр
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев штабта сағат 00:20-дан бастап Жедел штабтың шұғыл кеңесін өткізіп жатыр, онда одан әрі іс-қимыл жоспары талқыланып жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.
Дереккөзге сүйенсек, қаданың тіршілікті қамтамасыз етудің барлық жүйесі іске қосылған. Қаланың полиция департаменті штаттық режимде жұмыс істеуде. “Барлық мектеп мен балабақша ашық, халықты жинау пункттері жұмыс істеп тұр. Жедел медициналық жәрдем қызметі және барлық көп бейінді стационарлар, оның ішінде мамандандырылған стационарлар, балалар стационарлары, қаланың босандыру ұйымдары күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр”,-деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.