Жаңалықтар

Ердоған еліміздің Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрін марапаттады

Ердоған еліміздің Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрін марапаттады

Анкарада ақпан айында елде болған жер сілкінісінің салдарын жою кезінде құтқару бөлімшелерін басқарған төтенше ведомстволардың өкілдері марапатталды, 

деп хабарлайды Жамбылинфо Arbat.media. сайтына сілтеме жасап. Марапатталғандар арасында Қазақстаннан Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев зілзала салдарын жоюға көмек көрсеткені үшін медаліне ие болды. Аталған ммлекеттік награданы түрік басшысы Режеп Тайып Ердоган табыстады.

Түркияның үш өңірінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күштері 7 адамды құтқарған болатын. Қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі шығарылды. Қазақстандық құтқарушылар қолмен, сондай-ақ инженерлік техниканы, авариялық-құтқару жабдықтарын, шанц аспаптарын тарта отырып, 250 мың текше метрден астам үйінділерді бөлшектеді. Сонымен бірге елімізге оралған құтқарушыларды президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік марапаттар табысталды.