Жаңалықтар

Ердоған ХАМАС жайлы күтпеген мәлімдеме жасады

Ердоған ХАМАС жайлы күтпеген мәлімдеме жасады

Ердоған Израиль армиясының Газа секторындағы бейбіт тұрғындарды қырып-жоюына БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар ештеме істемеді деп айыптады.

Бұл туралы ол Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммиті өтіп жатқан Эр-Риядтан оралған кезде журналистерге мәлім етті. Ол сондай-ақ Израиль-Палестина қақтығысы кезінде АҚШ-тың ұстанымын сынады. Оның айтуынша, Вашингтон бұл жерді Израиль территориясы деп есептесе, Түркия мен АҚШ арасында Газа секторы бойынша келісімге келу мүмкін емес.

Оның айтуынша, "бірқатар елдердің үкіметтері өздерінің империалистік мүдделері үшін Израильді ақтауға тырысқанымен, олардың қоғамдары үшін Израиль балаларды өлтіретін ел". Ердоған тағы да палестиналық ХАМАС қозғалысының "террорлық ұйым емес, өз жерін қорғауға және туған жері үшін бар күшімен күресіп жатқан халық" екенін айтты.