жексенбі, 24 қараша, 2024 20:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ердоған жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындарға баспана кілтін табыс етті

Ердоған жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындарға баспана кілтін табыс етті
ашық дереккөзі
Ердоған жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындарға баспана кілтін табыс етті
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Хатайда жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындарға баспана кілтін табыс ету рәсімінде сөз сөйледі. Бұл туралы Анадолы ақпарат агенттігі жазды.
«Зерттеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін жер сілкінісі болған аймақта бенефициар саны 390 мың адам болатыны анықталды. Бүгін біз 7 мың 275 азаматқа баспана кілтін табыстап жатырмыз, оның 6 мың 572-сі провинция және аудан орталықтарында, 703-і - ауылдық жерлерде», - деді президент Ердоған.
Түркия президентінің айтуынша, зілзала болған аймақта тағы 75 мың үй 2 ай ішінде тапсырылады.
«Жылдың соңына дейін біз 200 мың үйді тапсырып, бірінші тас қаланғаннан кейін құрлысыты бір жыл ішінде аяқтау туралы уәдемізді орындаймыз. Біздің мақсатымыз – ай сайын 15-20 мың үй мен кенттегі үйлерді заңды иелеріне беру», - деді Режеп Тайип Ердоған.
Түркия президенті жер сілкінісінен зардап шеккен 7 мыңнан астам адамға баспана кілтін табыс етті
Фото: Анадолы
«Азаматтарымыз тыныш болсын. Олар өз мемлекеті мен үкіметіне сенуі керек. Мақсаттарымызға қарай алға жылжып жатқанда ықтимал қауіптерді, әсіресе жер сілкіністерін, лаңкестік және экономикалық тұзақтарды бір-бірлеп жоюға бел будық», - деп атап өтті Түркия президенті сөз соңында.
Еске сала кетсек, 6 ақпанда эпицентрі Түркияның оңтүстік-шығысындағы Қахраманмарашта магнитудасы 7-ден асатын екі жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда да сезілді. Түркия мен Сирияда мыңдаған адам қаза тапты. Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мың адамнан асты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар