Ерекше қажеттілігі бар жандарға инфрақұрылым қолжетімділігін арттыру керек – Тоқаев
Ерекше қажеттілігі бар жандарға инфрақұрылым қолжетімділігін арттыру керек – Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда қолжетімді қала болуы керектігін айтты. «Білім беру, денсаулық сақтау нысандары, мәдени-демалыс мекемелері, саябақтар мен қоғамдық орындар қаланың барлық тұрғынына бірдей қолжетімді болуға тиіс. Әсіресе, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған қала инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыру керек. Бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де жетілдіре түсу қажет. Оны мойындауымыз керек»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан Астананың бауырлас қалалар форумында. Оның айтуынша, елорда тек қала тұрғындарына ғана емес, барша азаматқа мол мүмкіндік береді. «Мысалы, Астанада әлемдік деңгейдегі клиникалары бар медициналық кластер қалыптасты. Мұнда күрделі операциялар жасалады, Қазақстанның әр аймағынан келген науқастарға жоғары деңгейде медициналық қызмет көрсетіледі. Біз қала аудандарын дамыту ісіндегі теңсіздікті жоспарлы түрде жоюымыз керек» - дейді ол.