дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 21:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еріктілер слеті: Ізгілік ынтымақтастыққа бастайды

Еріктілер слеті: Ізгілік ынтымақтастыққа бастайды
Фото - ашық дереккөз
Жастар кеңесінің 7-отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 3-4 қазан аралығында Астана қаласында АӨСШК Жастар кеңесі аясында волонтерлер слеті өтті. Аталған слетке Жамбыл облысының делегациясы қатысты деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Екі күнге жоспарланған ауқымды іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің хатшылығымен бірлесе АӨСШК Жастар кеңесінің қолдауымен ұйымдастырылды. Жиынға Қырғызстан, Ресей, Шри-Ланка, Қытай, Өзбекстан, Әзербайжан, Иран, Тайланд, Тәжікстан секілді 21 елден 450-ден аса делегат арнайы келді.
 Форумның алғашқы күні «Қоғамдағы волонтерлік қызметтің маңыздылығы: Азия елдерінің тұрақты дамуына жәрдемдесудегі волонтерлік қызметтің рөлін талқылау» тақырыбында АӨСШК Жастар кеңесінің 7-отырысы өтті.
 Негізгі отырыстан бөлек, панельдік сессиялар да ұйымдастырылды. Басқосулар шетелдік спикерлер қатысуымен «Әлеуметтік және инклюзивті волонтерлік», «Зияткерлік волонтерлік: инновациялық тәсілдер және халықаралық тәжірибе», «Төтенше жағдайлардағы волонтерлік қызмет», «Еріктілердің экологиялық проблемаларды шешуге қосқан үлесі», сондай-ақ «Денсаулық сақтау саласындағы волонтерлердің рөлі» тақырыбында өтті.
 Жиын қорытындысында қатысушылар АӨСШК кеңістігінде волонтерлік қызметті дамыту бойынша бірлескен ұсынымдар әзірленді. Еріктілер ынтымақтастықты кеңейту және волонтерлік қызмет бойынша тәжірибе алмасу бойынша алдағы қадамдарды талқылады.
Бүгінгі күні елімізде үлкен қалалар мен ауылдарды есептегенде 200-ден астам волонтерлік ұйымдар бар. Үкіметтік емес ұйымдармен волонтерлік бағыт бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 68 жоба жүзеге асқан. Қазақстандағы волонтерлік бойынша ең белсенді бағыттар: әлеуметтік, іс-шаралық, жануарлармен жұмыс, этно-волонтерлік. Біз үшін жаңа бағыттар: ТЖ, медицина, мәдениет, медиа мен онлайн волонтерлік. Мемлекеттегі ең танымал волонтерлік ұйымдар ретінде  5000-нан астам ҰОС ардагерлері мен тың еңбеккерлерін қамтыған маңдай алды жобасы «Жеңіс» жобасы болған Ұлттық волонтерлік желіні атасақ болады. Қазір Ұлттық волонтерлік желі бүкіл Қазақстандағы 56 ұйымның басын біріктіріп, волонтерлік мәдениетін халықаралық деңгейде дамытуда. Өмір болған соң әртүрлі тағдырлар болады емес пе?! Біреуге оңай болып көрінген өмір, біреуге қиын болып, ілгері жылжитыны анық. Сол өмірлік қиын жағдайға душар болған жандарға көмекші жандар болатыны заңдылық емес пе?! Ондай жандарды ел – «волонтер» деп атайды. Волонтер деген сөздің мағынасын ашар болсам, ол адамдарға ақысыз көмек көрсету болып табылады. Яғни, жүрек түкпірі мейірімге толған жандар, әрдайым қасындағыларға көмек беретін жандар волонтер, қазақша баламасы «ерікті» дегенге саяды. Қазақ елінде де, шет елдерде де волонтерлерге деген сұраныс ерекше екені даусыз. Айналасындағы жандарға мейірім көрсететін адамдарды қазақ халқы «асар» деп атағаны тарихтан белгілі. Ол атаққа ие жандар, ас-суы жоқтарға тамақ үйлестіріп, азық-түлік жағы мен материалдық жағынан көмек қолын созатын болған. Яғни, волонтер яки ерікті сөзі біздің ұғымымыздан тысқары емес екенін түсінеміз. Барлық ел мен оның дәстүрінде бар өзгеге көмек қолын созуды, біздің ата-бабамыз да терең түсінгенін анық көруге болады. Жалпы қандай мезгіл, қандай да бір оқиға болмасын волонтерлар, сол саланың маманы секілді алдыңғы қатарда жүреді. Өзгеге көмек қолын соза алған жандардың барлығы ерікті бола алады. Волонтер болу, жасты, мезгілді, қандай да бір талапты қажет етпейді. Ол үшін сіз – өзгеге көмек қолын созып, қандай да бір жағдай бола қалған кезде, сол адамның жанынан табылып, еліңізбен, өз ұлтыңызбен бірге екеніңізді көрсете білу қажет. Мысалы, қазіргі жаһандағы болып жатқан індет туралы айтуға болады. Әлемнің түкпір-түкпірінде дәрігерлер осы індетті емдеу үшін күні-түні шапқылып жүрсе, полициялар ел тыныштығы үшін, елімізге өзге жерден тағы бір індет келмеуі үшін, күні-түні олар да тыным таппайды. Осылардың қатарында волонтерлар да жоқ емес. Ел амандығы үшін еріктілер, қолдан маска тігіп, оны халыққа тегін таратып жатса, енді бір волонтерлар дәрігерлерге көмек көрсетіп, науқастанған жандардың дәрі-дәрмегін тегін апаруда, ал екінші еріктілер полициялармен бірге елін күзетіп жүр. Міне, волонтерлар қандай жағдай болса да, қай сала жағынан болса да, волонтерлар бір кісідей, бір отбасыдай болып, еліне қол ұшын созуға даяр жүрер жандар екенін осыдан-ақ түсіне де, біле де беруге болады деп ойлаймын. Әрине, қандай мамандық болмасын, қандай жағдай болмасын терең білім, үлгілі ұстаздардың тәжірибесі қашан да қажет болады. Мен өзім волонтер ретінде, түрлі өтіп жатқан іс-шаралардан қалмауға, үлгі тұтар ұстаздарымның білімін алуға, өзім сияқты жас волонтерлермен бірге тәжірибесі мол мамандармен бірге тәжірибе жинауды өзіме қашанда парыз етіп, оны бүгінде мақсатыма айналдырғанмын. Әрине іс жүзінде де оны жүзеге асырдым. Волонтерлардың көптеген іс-шараларына қатысып, еліміздегі және шет елдегі волонтерлар жайлы біршама мағлұмат алдым. Бала кезден ата-анамыздың қашан да бізге берер тәрбиесі – мейірімді бол, достарыңа, өзіңнен үлкен-кіші кісілерге танымасаң да қолыңнан келсе, көмегіңді аяма деуші еді. Міне, сол тәрбие, сол қанға сіңген қасиет, бүгінде маған волонтер болуыма себеп болды. Қанымызға сіңген қасиеттің арқасында мен үнемі өзгелерге қол ұшын беруге атсалысамын. Әрине, 2020-шы жылды Елбасымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Волонтерлар жылы» деп жариламағанда, бұл ісім волонтерлық, яғни адамдарға ақысыз көмек көрсететін жан екенімізді білмес едім. Яғни, біз есімізді жиған сәттен бастап өзгеге көмек көрсеткеніміз үшін ақы күтпейтін еріктілерміз десем болады. Волонтерларды қолдайтын ұйым әлемнің түкпір-түкпірінде ашылуда. Әрине, Қазақстанда да жоқ емес. Мысалға, өзім тұрақтаған мекен — Орал қаласын алар болсам, Айболат Шамұратұлының бастамасымен «Волонтерларды қолдау орталығы» ашылған болатын. Әрине, бұл орталықта қызмет ету қай волонтердің болмасын арманы болып табылады. Осы тұлғаның дәрістерін тыңдау, жасаған волонтерлік жұмыстарын зерттеу қай волонтердің болмасын, шабытына шабыт қосары сөзсіз. Мен өзім ғаламтор беттерінен, бұл еріктінің талай жобасын көргенмін, бірнеше өзі ұйымдастырған іс-шараларына да қатысқанмын. Маған ол кісінің қай жобасы болмасын қатты ұнайды. Жас волонтер ретінде, осы тұлғаны үлгі тұтамын. Қазір өзім студент болғаныма қарамастан, волонтерлық салаға ерекше қызығушылық танытып, қандай шара болмасын, қандай оқиға болмасын жақсы ниетпен көмекке мұқтаж жандарға қол ұшымды созуға даяр тұрамын. Болашақта волонтерлықты тастаймын деп айта алмаймын. Себебі, әр адамға көмек қолын созған сайын өзімді ерекше әсерде сезінемін. Сондайда ойыма келетіні «Әлемді мейірімділік құтқарады» деген ерекше нақыл сөз. Мамандығым бойынша жұмыс жасап, елімнің дамуына өз үлесімді қосып, волонтерлық жағынан мұқтаж жандардың керегін тауып беруге тырысамын деген сенімдемін. Уақыт ағымымен өзім секілді еріктілерді бір арнаға жиып, өзімнің жеке волонтерлық орталығымды ашамын деген кішігірім арманым бар. Сол арқылы елімді көркейтіп, қазағыма аз да болса мақтаныш болар, бұл дүниеде, өзімнің өмір дейтін тарихымда ұмытылмастай бір кірпіш қалайтыныма сенімдімін. Қорытындылай келе, қиыны мен қызығы мол бұл сала, маған үйреншікті болып көрінгенімен, өзгелерге қиын болары сөзсіз. Әсіресе, көмекке мұқтаж жандарға, өзгеге материалдық жағынан көмек беруі қиын болары сөзсіз. Сол үшін мен «Ерікті болу – ерлікпен тең» деп айтар едім.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар