Жаңалықтар
Ерлан Қарин этносаралық келісім мәселелері бойынша кеңес өткізді
- авторСадуақас Айсұлу
- 27 ақпан, 2025
- 444

Қатысушылар 2025 жылға арналған жоспарларды саралап, елдегі бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған нақты тапсырмалар алды.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин этносаралық келісімді нығайту мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шараға президент әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Түркістан облысының әкімі қатысты.
Кеңеске қатысушылар этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі өзекті міндеттер, 2025 жылға арналған жоспарлар, халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жалпыұлттық бірлікті нығайту жөніндегі одан әрі шаралар талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік кеңесші жауапты мемлекеттік органдарға этносаралық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету саласындағы ішкі саяси жұмыстың басым бағыттары бойынша нақты тапсырмалар берді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Алматыда шетелдік компанияларды бопсалаған хакер ұсталды
- авторАрайлы Жақсылық
- 26 шілде, 2025
Жаңалықтар
Германия Қазақстан бағытындағы әуе қатынасын уақытша шектейді
- авторАрайлы Жақсылық
- 26 шілде, 2025