Жаңалықтар

Ерлан Қарин: Президент жаңа тұжырымдамаларды талқылауға ұсынады

Ерлан Қарин: Президент жаңа тұжырымдамаларды талқылауға ұсынады

Президент жаңа тұжырымдамалар мен идеологемаларды талқылауға ұсынады. Бұл туралы «Қазақстанның саяси трансформациясы: үрдістер мен келешек» сарапшылық форумында ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин айтты. «Жаңа әдеп мен жаңа құндылықтарды ілгерілету қажет. Президент өңірлерге сапарында бұған назар аударып, еңбек ғұрпын, білімнің маңыздылығын, өзара көмек пен ынтымақтастық құндылығын насихаттауы кездейсоқ емес. Сонымен қатар Президент ұлттық бірегейлікке жаңа көзқарас қалыптастырды. Оның басты символы - көк паспортымыз», - деді Ерлан Қарин. Оның атап өтуінше, Президенттің көк паспортымыз туралы айтқан сөзінде азаматтық бірегейлікке деген үндеуі бар. «Мемлекет басшысы жаңа тұжырымдамалар мен жаңа идеологемаларды талқылауға ұсынады», - деді ол.