Жаңалықтар

Ермек Көшербаев Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

Тиісті құжатқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 14 ақпанда қол қойды

   Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

 Ал премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарып келген Тамара Дүйсенова президент көмекшісі болып тағайындалды.Бұған дейін Көшербаев ШҚО әкімі қызметін атқарып келді. 

C.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1982-1988) Тарихшы, шет тілінде оқытатын тарих пәнінің мұғалімі КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын (1991-04.1993) халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады, дипломат.

Қазақ, орыс, ағылшын, корей тілдерін меңгерген.