«Ертең митинг бола ма? »: Шерзаттың әкесі мен Айтбек Амангелді шұғыл мәлімдеме жасады
Олардың айтуынша, 14 қазанда халық ереуілге шықпақ
Алматы облысы Талғарда аса қатыгездікпен өлтірілген 16 жастағы Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов пен Айтбек Амангелді митингке қатысты мәлімдеме жасады.
Қоғам белсендісі Айтбек Амангелді халықты 14 қазан күні ереуілге шықпауға шақырды.
Еске салайық, 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Болат бір топ кісінің қолынан ажал құшты. Бүгінгі таңда марқұмды өлтірді деген күдікпен 7 адам ұсталды. Күні кеше қара жамылған отбасының Талғар қаласы маңындағы Азат ауылында үйі өртке оранған болатын.