Жаңалықтар

Ертең Таразда жылыту маусымы аяқталып, 1 айға ыстық су тоқтатылады

Жылыту маусымының аяқталуымен қатар, гидравликалық тығыздау жұмыстарына байланысты қалада 15 сәуірден 15 мамырға дейін ыстық су өшіріледі.

Бұл туралы жылыту маусымының аяқталуы бойынша қала әкімінің төрағалығымен өткен штаб отырысында шешім қабылданды. 

Тараз қаласында ертең яғни 15 сәуірден бастап жылу беру тоқтатылады.