жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ерте жүктілік және жауапкершілік мәселесі

Ерте жүктілік және жауапкершілік мәселесі
Фото: pexels.com
Қыздың тәрбиесіне қатты көңіл бөлген қазақ халқымыз «Ұлыңды бөтен үйден тойдырма, Қызыңды бөтен үйге қондырма» деп тәмсілдеген. Алайда бұл мақалдың да қадірі мен қасиетінің кетіп бара жатқанын жасырын емес.

Қазақтың қаракөз қыздарының ұяттын аттап, арды артта қалдыруына ешқашанда жол бермеуіміз керек. Тиісінше оған бәріміздің жауапты екеніміз қаперде болуы керек.

Осыдан 10 жылға артқа оралып, сол кездегі оқушылардың мектеп формасын көз алдымызға елестетейікші. Қос бұрымға жарасқан ақ бантик, ақ фартук немесе тізеден төмен түсетін белдемше оқушылардың оқушы екенін айқындап тұратын еді.

Ерте жастан жүкті болу еліміздегі ең өзекті мәселеге айналып барады. Өйткені соңғы жылдарда бойжеткендердің етектері некесіз түрілуі, жеткіншек қыздардың ерте жаста ана атануы күрт өскен. Статистикалық мәліметтерге сенсек, соңғы жылдарда 30 мыңнан астам жасөспірім қыз жүкті болған болса, 6 мыңнан аса қыз жасанды түсік жасатқаны белгілі болып отыр.

Ал осыдан төрт жыл бұрын ресми түрде 7000 мектеп қабырғасында оқитын қыздардың жүкті болу оқиғасы тіркелсе, соның тең жартысы жасанды түсікке жүгінген. Бұл тек судың бетіне шығып, бізге мәлім болғаны. Істейтін дүниесін істеп алып, соңынан ұят деп, елден жасырып қалуға ұмтылғандары қаншама. Мысалға алар болсақ 400 қыз жасанды түсік жасатқан болса, шамамен оның 20-сы әлі 14 жасқа толмағандар.

Медицинада «ерте жүктілік» деп 13-18 жасқа дейінгі болатын жүктілікті атайды.

Дәрігерлердің айтуынша бұл мезгілде қыздарда «өтпелі жас» кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу процесі жүретінін айтады.

– Қыз баласы етеккір келген кезінде анасымен гармониялық қарым-қатынаста болмаса, әртүрлі жағдайларға тап болуы мүмкін. Оның ең ауыры жүктілікке дейін жетіп жатады. Ғаламтордан көрген, оқыған түрлі видеолар мен ақпараттар қыздың жыныстық қатынасқа деген қызығушылығын оятатыны анық. Жүктілікке алып келетін себеп көп болғандықтан, оның әрқайсысын индивидуалды түрде қарастырғанымыз жөн. Етеккір келгеннен бастап, қыздардың бала көтеруге физиологиялық мүмкіндігі жетенінін айту шарт. Жасөспірім кезіндегі жүктіліктің үш қаупі бар. Біріншіден, бұл шақта қыздардың дене мүшелері дұрыс жетілмейді де, өз өміріне қатер төнеді. Дұрыс дамымаған ағзадан дені сау бала өмірге келмейді, – дейді гениколог .....

Ал психолог мамандар бұл мәселеге әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, қыз баласына білім алу, жұмысқа орналасу және карьера құру мүмкіндігінен айырылатындығын, қатынасқа түсе білгенмен, жас жігіт әке атанып жауапкершілікті көтеруге асықпайтындығын айтып отыр. Өңді қыздың бәрі жөнді қыз бола бермейтіні сияқты, жылтырағанның, жымыңдағанның бәрі бірдей жақсы жігіт бола бермейді. Жаман жігіт болғанымен, жақсы жар бола бермейді.

Жоғарыда келтірілген мәліметтерді аздап жұмсартайық яки, жұмсартпайық немесе тіркелген деректі жасырғанмен орын алған жайды жоққа шығара алмасымыз анық. Тіпті жаңа деректің орын алып қалмасына ешкім кепілдік бере алмайды. Оданда ерте есейіп, көшеде, көпшілік орында қымсынбай құшақтасып, бір-біріне езеуреп тұратын ұл мен қызымызды «тәйт» деп айтып, тәртіпке шақырайық.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар