Жаңалықтар

Ертіс-Баян өңірінде күніне 30 мың литр сүт өндіретін шаруашылық ашылды

Ертіс-Баян өңірінде күніне 30 мың литр сүт өндіретін шаруашылық ашылды

Павлодар облысында 1200 басқа арналған сүт-тауарлы ферма іске қосылды.  Жоба сегіз ай ішінде жүзеге асырылды. Жоғары сапалы сүт өндіретін жаңа кешеннің ашылуына облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов қатысты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"AgroTrade PV" ЖШС-нің сүт-тауарлы фермасы Павлодар ауданындағы Ольгино ауылында орналасқан. Оның құрылысы 2022 жылдың наурызында басталды. Ферманың директоры Қуаныш Темірғалиннің айтуынша, мұнда күніне 30 мың литрге дейін сүт өндіру жоспарланып отыр,  ал, кәсіпорын толық қуаттылық деңгейіне шыққан кезде жалпы өндіріс көлемі жылына 10 мың тонна сүтті құрайды. – Қазір бізде гольштин-фриз тұқымды 476 бас ірі қара мал бар. Тағы да қосымша 1200 бас сиыр сатып алу жоспарлануда, - деді ферма директоры. -Жоба мемлекеттің қолдауымен жүзеге асырылды. 40 сиырға шақталған сауын блогы орнатылды. Өндірістің автоматтандырылған процессі және сүтті тұқымды сиырлардың болуы жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.