Ертіс өзенінде суретке түспек болған әйел мұз астына түсіп кетті

Осы ретте құтқарушылар мұз айдындарына шығуға тыйым салынғанын еске салады.
Павлодардағы Ертіс өзенінде суретке түспек болған 30 жастағы әйел мұз астына түсіп кеткен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тұрғынды қаланың Орталық жағалауында Ертіс өзеніндегі рейдтік іс-шаралар барысында ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері байқап қалаған. Олар дереу көмекке келді.