Жаңалықтар
Есектің сүтін емдік мақсатта ішуге бола ма? ҚМДБ жауабы
- авторjambylinfo.kz
- 3 мамыр, 2023
- 419
Есектің сүтін емдік мақсатта ішуге бола ма? ҚМДБ жауабы
Шариғатымызда есек етін жеуге тыйым салынған. Ол жайлы көптеген хадистерде айтылған. Ал оның сүтін ішуге бола ма? Бұл жайлы ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Абдуалиев айтты, - деп хабарлайды Жамбыл инфо (massaget.kz)-ке сілтеме жасап.
Есектің сүті – ғұламалардың арасында тартысты мәселе. Фәтху әл-Қадир атты кітапта заһир риуаят бойынша есектің сүті нәжіс екені, сондай-ақ, Айну әл-Әиммәнің: "Дұрысы есектің сүті ауыр нәжіс саналады. Өйткені ол ижмәғ бойынша харам етілген", – деген сөзі келтірілген.
Демек, есектің еті де, сүті де – харам әрі нәжіс. Бұларды жеуге де, ішуге де болмайды.
Енді есектің сүтімен емделуге келсек, Ибн ән-Нужайм әл-Ханафи: "Ғалымдарымыз харам нәрселермен емделу үкіміне қатысты бір шешімге келіспеген. Алайда "әз-Захира" кітабында: "Харамнан басқа еш ем табылмаса және оның құрамында шипаның барлығы нақты болса, онымен емделуге рұқсат", – дейді. Ал Пайғамбарымыздың "Алла Тағаланың харам еткен нәрселерінде сендерге шипа жоқ" деген хадисі құрамында шипа болмаған нәрселерді ғана көздейді. Егер оның құрамында шипа бары анықталса әрі оның орнын басатын басқа дәрі табылмаса қолданудың зияны жоқ.
Сондықтан әділ әрі сенімді мұсылман дәрігер аурудың жалғыз емі – есектің сүтін ішу және оның еш зияны жоқ деген қорытынды жасаған жағдайда әрі оған тең келетін халал дәрі табылмаса, онда оны емдік мақсатта қолдануға болады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз