Жаңалықтар

"Есеміз қайтты": Қазақстан Португалия құрамасын жеңді

Футзалдан 2021 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан құрамасы Португалияға есе жіберген болатын

Футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Португалияны  2:1. есебімен жеңіп, ширек финалға шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Матчтан кейін Қазақстан құрамасының ойыншысы Дәурен Тұрсағұлов пікір білдірді. 

”Қазақстаннан келген жанкүйерлерге, өзбек бауырларға рақмет. Өзбекстанға жеңіс үшін келдік. Ал Португалиямен ойындағы жеңісті қазақ еліне арнаймыз", -деді футболшы. 

Ал Қазақстан құрамасының бас бапкері бапкері Кака мұндай керемет эмоцияны бұрын-соңды сезінбегенін, қуанышты тез басып, құрамамен келесі ойынға дайындықты бастайтындарын айтты. 

Айта кетейік, енді қазақстандық футболшылар ширек финалда Аргентина-Хорватия арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.