«Ешкімнен ешқашан әндерімді қызғанған емеспін»: Қазыбек Құрайыш Дариға Бадықоваға жауап берді
«Ешкімнен ешқашан әндерімді қызғанған емеспін»: Қазыбек Құрайыш Дариға Бадықоваға жауап берді
Өнер иесінің сөзіне қарағанда, ол актрисаның неліктен бұлай дегенін түсінбейді екен. Себебі ол әнін тегін-ақ беруге келіскен.
Сонымен қатар кино үшін әнді тегін сұрайтын продюсерлерге де ренішін жеткізді. Әнші өзінің ары таза екенін де алға тартты.
Айта кетейік, жуырда Дариға Бадықованың «Таптым-ау сені» атты фильмі жарық көрмек. Осы орайда актриса әрі өзін алғаш рет продюсер ретінде бағын сынап көрген Бадықова киноға саундрек іздеп біраз композиторға хабарласқан. Соның ішінде Қазыбек Құрайыш та болған. Дегенмен актрисаның сөзінше, әнші өтінішін жауапсыз қалдырып, кейіннен бере алмайтынын айтқан.