Есімі әйгілі жазушы, саясаттанушы Сейдахмет Құттықадам қайтыс болды
- авторjambylinfo.kz
- 3 наурыз, 2024
- 581
"Қазақ елі үлкен деңгейдегі мемлекетшіл тұлғадан айырылды. Белгілі публицист, саясаттанушы, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам 78 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Қаралы хабарды 86-шы жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы қаһармандардың бірі Құрманғазы Айтмұрзаев жеткізді",- деді ол жазбасында
Сондай-ақ ол Сейдахмет Құттықадам жазған әр кітабында, берген әр сұхбаты мен зерттеуінде демократия құндылықтарын насихаттайтын айта отырып, жылы естеліктерімен де бөліскен.
"Қатты айтса да анығын айтып, мемлекетті басқарудың мансап қана емес қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік екенін, сондықтан ел билегендердің ең алдымен жанашыр болуы керектігін жете түсіндіретін. Амал нешік, ағамыз да бақиға аттанды. Қазақ қоғамы мен туған-туысына қайғырып көңіл айтамын. Алды пейіш, арты кеніш болсын",- деді Мәди Манатбек.
Айта кетейік, Сейдахмет Құттықадам Түркістан облысының тумасы. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітіріп, өзінің дипломатиялық қызметін 1998 жылы ҚР СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаментінің Еуропа және Америка басқармасының референті қызметінен бастаған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз