сенбі, 28 желтоқсан, 2024 6:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Есірткі дайындап, адам өлтірген»: Ақтөбеде мектеп мұғалімі мен тіс технигі 19 жылға сотталды

«Есірткі дайындап, адам өлтірген»: Ақтөбеде мектеп мұғалімі мен тіс технигі 19 жылға сотталды
Фото - ашық дереккөз
Сотталушылардың әрқайсысы жәбірленуші тарапқа 10 млн теңгеден моральдық өтемақы төлеуі тиіс.

Ақтөбеде мектеп мұғалімі мен тіс технигі есірткі заттарын дайындап, адам өлтіргені үшін 19 жылға сотталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Әбіш Кекілбаев атындағы № 72 жалпы білім беретін орта IT мектеп-лицейінің мұғалімі мен тіс технигіне қатысты қылмыстық іс Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Сотта белгілі болғандай, екеуіне «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» және «Адам өлтіру» баптары бойынша айып тағылған.

 

Іс материалына сүйенсек, мектептің тарих пәнінің мұғалімі Дархан Жетпісбаев пен тіс технигі Мейрамбек Сүйінғарин 2023 жылдың наурыз айы мен 2024 жылдың 13 қаңтар аралығында гаражды жалға алады. Сонда жасырын лаборатория жұмысын жүргізеді.

Олар мефедронды заңсыз дайындаған және сақтаған. Енді сату жолын ойластырып, таныстарын шақырады. Біреуі бірден бас тартып, екіншісі келіседі. Алайда екі ұйымдастырушы қылмысы әшкере болады деп қорқып, жәбірленуші Тоқмурзинді алдап шақырып алып, пышақтап өлтірген. 

"Дархан Жетпісбаев айыпты деп танып, 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтесін. Мейрамбек Сүйінғарин айыпты деп танылып, 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтесін", – деді судья Нұрлан Бақтығалиев.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар