ЕСІРТКІ ЖЕТКІЗЕМ ДЕП, ІСТІ БОЛДЫ
2022 жылдың 9 шілдесінде Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД бағынысты ЖД-158/4 түзеу мекемесінің қызметкерлері таңғы сағат 05:00 шамасында күдікті азаматты қолға түсірді. 1983 жылы туылған азамат К. мекеме аумағына тыйым салынған «есірткі заттарын» лақтырған. Жедел ақпарттардың түсуіне байланысты одан сондай-ақ 4 дана пластикалық бөтелкеде спирттік ішімдік, 2 дана ұялы байланыс құралы ( 1 дана сенсорлы, 1 дана батырмалы телефон), 5 дана қуаттағыш және 2 дана ұялы байланыс құралының батареясы және есірткі заттары тәркіленді. Алдын –ала болжам бойынша күдіктінің аталған абақтыда туысы немесе танысы жазасын өтеп жатқан болуы мүмкін. Түзеу мекемесінің режим және жедел бөлімқызметкерлерінің қырағылығының арқасында күдіктінің арам пиғылы жүзеге аспады. Аталған дерекке қатысты АЕК тіркеліп, ҚР ҚК 297-бабы, 2-бөлігіне сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала