Ет өнімдерін алып келемін деген алаяқ тараздықтарды 200 млн теңгеге алдап кеткен
Ет өнімдерін алып келемін деген алаяқ тараздықтарды 200 млн теңгеге алдап кеткен
Алаяқтық фактісі бойынша бірнеше тараздық полицияға арызданған. Олардың айтуынша, белгісіз ер адам Ресей Федерациясынан арзан бағаға сиыр етін сатып алуды ұсынған. Жәбірленушілер келісіп, алаяққа 2020-2022 жылдар аралығында 200 млн теңге аударған. Павлодар полицейлері 36 жастағы күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта УҰИ-ге орналастырылды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі "Алаяқтық" бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазір күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.