сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 11:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еуроодақ Қазақстаннан көмір импортын арттыруда

Еуроодақ Қазақстаннан көмір импортын арттыруда
ашық дереккөзі
Еуроодақ Қазақстаннан көмір импортын арттыруда
2023 жылдың екі айының қорытындысы бойынша Қазақстан Еуропалық Одақ елдеріне 86,2 млн долларға 1,27 млн тонна көмір экспорттады. Бұл 2022 жылдың алғашқы екі айымен салыстырғанда (337 мың тонна) 3,8 есе көп. Осы ретте жеткізілімдердің 90%-ы Польша, Латвия және Эстонияға тиесілі.  Германияға, Чехияға, Нидерландыға да отын сатылған. Жеткізу өсімінің себебі 2022 жылдың тамызында ЕО елдерінің ресейлік көмірге импорттық эмбаргосы болып табылады, бұл өз кезегінде Ресейдің барлық көмір экспортының 25%-ына әсер етеді (жыл сайын 47-48 млн тонна). Сондай-ақ өсу факторы ретінде биылғы жылдың бірінші тоқсанында Ресей арқылы теміржол транзитіне жеңілдіктер қарастырылған. Айта кету керек, Қазақстан Еуропаға көмірді Ресей Федерациясының аумағы арқылы экспорттайды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар