Еуроодақ балалардың әлеуметтік желіні пайдалануына шектеу енгізбек
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 10:54
- 77
Еуроодаққа мүше мемлекеттер балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына қатысты жаңа шектеулер енгізуді жоспарлап отыр. Бұл ұсыныс балалардың психологиялық денсаулығын қорғау мақсатында жасалып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жаңа бастаманың негізі:
Былтыр Еуропарламент, Еуропалық комиссия және Еуропа кеңесі қызметкерлерінің жұмыс телефондарында TikTok қолдануына тыйым салынған болатын.
Енді ЕуроОдаққа мүше елдер шетелдік платформаларды толық бұғаттамай, 15 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді қолдануына жас айырмашылығына байланысты шектеулер енгізуді ұсынуда.
Балалардың психикасына кері әсерін тигізетін әлеуметтік желілерге ортақ заң қабылдау.
Дания, Норвегия және Францияның білім министрлері бұл мәселеге ерекше назар аударып, шұғыл шаралар қолдану қажеттігін айтып, дабыл қағуда.
Мақсат:
Бұл бастама балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды артық ақпараттық қысымнан қорғауға бағытталған. ЕуроОдақ елдері ортақ заң жобасын қабылдап, оны жүзеге асыруға дайындық жүргізіп жатыр.
Балалардың қауіпсіздігі баршаға ортақ міндет.