Жаңалықтар
Еуропада екпе салдыртпағандар заң бойынша жазаланады
- авторСадуақас Айсұлу
- 15 сәуір, 2025
- 623
Еуропа елдерінде балаларға 12 екпе салдырту міндетті.
Вакцина алмаған балғындар мемлекеттік балабақшаға, мектепке қабылданбайды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Заңға бағынбаған ата-аналарға 3 мың еуроға дейін айыппұл салынады.
Францияда қызылшадан 10 бала қайтыс болғаннан кейін ел үкіметі міндетті вакцинаның санын үштен 11-ге дейін көбейтті.
Чехияда баласына екпе салдыртпай, айыппұл арқалаған ата-аналар Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа шағым түсірген. Дегенмен Еуропалық сот «міндетті вакцина-демократиялық нормаларға сәйкес келеді» деген шешім шығарды.
Екпе салдырту міндетті емес біраз Еуропа елдерінің өзінде бүгінде балалардың 95 пайызы вакцина алған.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Биыл ең көп турист барған курорттық аймақ белгілі болды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 желтоқсан, 2025






