Жаңалықтар

Еуропада екпе салдыртпағандар заң бойынша жазаланады

The final spritzer

Еуропа елдерінде балаларға 12 екпе салдырту міндетті.

 Вакцина алмаған балғындар мемлекеттік балабақшаға, мектепке қабылданбайды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Заңға бағынбаған ата-аналарға 3 мың еуроға дейін айыппұл салынады. 

Францияда қызылшадан 10 бала қайтыс болғаннан кейін ел үкіметі міндетті вакцинаның санын үштен 11-ге дейін көбейтті. 

Чехияда баласына екпе салдыртпай, айыппұл арқалаған ата-аналар Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа шағым түсірген. Дегенмен Еуропалық сот «міндетті вакцина-демократиялық нормаларға сәйкес келеді» деген шешім шығарды. 

Екпе салдырту міндетті емес біраз Еуропа елдерінің өзінде бүгінде балалардың 95 пайызы вакцина алған.