дүйсенбі, 7 қазан, 2024 17:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еуропада маймыл шешегін жұқтырғандар саны өсуде

Еуропада маймыл шешегін жұқтырғандар саны өсуде
ашық дереккөзі
Еуропада маймыл шешегін жұқтырғандар саны өсуде
Еуропалық одақтың кейбір елдерінде маймыл шешегін жұқтырғандар саны өсуде. Германияның Роберт Кох институтының мәліметі бойынша, 10 тамызда Германияда маймыл шешегін жұқтырған 3025 адам анықталды. Сараптама нәтижесі бойынша басым көпшілігі ерлер арасында тіркелген. Сондай-ақ сегіз әйел, екі жасөспірім және төрт жасар қыз ауырып қалды, деп хабарлады неміс мамандары. Сонымен бірге Deutsche Aidshilfe АИТВ-мен ауыратын науқастарға көмек көрсету ұйымының өкілдері Германияда маймыл шешегіне қарсы вакциналардың шектеулі мөлшерде жеткізілетінін айтты. Бельгияда маймыл шешегін жұқтырған алғашқы әйелдер тіркеді. Бельгияның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір ел тұрғындарына вакцинаның 3 мыңға жуық дозасы ғана қолжетімді. Осыған байланысты тәуекел тобына жататын адамдар Францияның вакцинасы жеткілікті көршілес аймақтарына барады. Еурокомиссия өкілі сейсенбіде вакцинаның өндірістік қуаты шектеулі екенін айтты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар