жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 16:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ФРАНЦИЯ ТӨРІНДЕ АЛҒАШ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫН АШҚАН ТАРАЗДЫҚ ҚЫЗ

ФРАНЦИЯ ТӨРІНДЕ АЛҒАШ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫН АШҚАН ТАРАЗДЫҚ ҚЫЗ
ашық дереккөзі
ФРАНЦИЯ ТӨРІНДЕ АЛҒАШ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫН АШҚАН ТАРАЗДЫҚ ҚЫЗ
Әйгерім Ерсайынова Тараздан шыққан кәсіби музыкант, қобызшы. Францияның 10 үздік  музыкант-кәсіпкер тізіміне енген. Франциядағы «Қорқыт-Абай» атындағы алғаш қазақ мәдениет орталығын қалаған, сондай-ақ «Art Ambassadeurs» продюсерлік ұйымын ашып, бүгінде қазақ өнерін әлемге паш етіп жүр. Әйгерім бес жасынан бастап Алматыдағы Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектепте қазақтың ұлттық аспаптарында ойнауды үйренген. Есейе келе, АҚШ-тың Хьюстон қаласында білімін жетілдіріп, содан кейін Парижге француз тілін оқуға келеді. Сол жақта Жоғары өнер мектебінен продюсер мамандығын меңгеріп шығады. Әйгерім ойнайтын – қобыз, жетіген, сазсырнай және шаң қобыз аспаптарының үні бүгінде француз тыңдармандарының шынайы қызығушылығын тудырып жүр. Әйгерім атақты қобызшы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, композитор Әлқуат Дотаұлы Қазақбаевтың шәкірті. Астана қаласы Қазақ Ұлттық өнер университетінің колледжінде Әлқуат Қазақбаевта қобыз мамандығын тәмамдаған. Ұстазы Әйгерімге қобызбен қатар қазақтың ұлттық музыка аспаптары  жетіген, шаң қобыз, саз сырнай аспаптарын да үйреткен. Еуропада  әлемдік деңгейде қазақтың мәдениетін дәріптеп жүрген жерлесімізге өнер айдынында толағай табыстар тілейміз.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар