Жаңалықтар

Франция Украинаға 200 миллион еуроның қаруын беретін болды

Франция Украинаға 200 миллион еуроның қаруын беретін болды

Париж Украинаға қару-жарақ пен әскери техниканы тікелей француз өндірушілерінен сатып алуға мүмкіндік беретін 200 миллион еуролық қор құрып жатыр. Бұл туралы Киевте Украина қорғаныс министрі Алексей Резниковпен бірлескен баспасөз мәслихатында Францияның Қарулы күштер министрі Себастьян Лекорну мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы DW агенттігіне сілтеме жасап. Украина астанасына келген Лекорну Резников пен Зеленскиймен кездесті. Ол соғыс басталғаннан бері Францияның Украинаға көрсетіп келе жатқан «сенімді және тұрақты қолдауы» туралы айтты.

Айта кетейік, Ресейдің Украинаға әскерімен басып кіргеніне 309 күн болды. Ресей әскерлері көрші елдің басып алған елді мекендерін бақылауда ұстауға тырысып жатыр. Украинаның қарулы күштері мен аумақтық қорғаныс бөлімшелері агрессияға тойтарыс беріп келеді. Екі тарап өкілдерінің мәлімдемесін тәуелсіз көздерден тексеру мүмкін емес. БҰҰ мәліметінше, қазірдің өзінде 16 миллионға жуық украиналық үйлерін тастап кеткен.