Жаңалықтар

Франциядағы наразылық шеруі: 400-ден астам адам ұсталды

Франциядағы наразылық шеруі: 400-ден астам адам ұсталды

Шеру Нантер қаласында 17 жастағы жасөспірім көлік жүргізіп келе жатып, тәртіп сақшыларының тоқта деген бұйрығын елемеген соң, полиция қызметкерлері оны атып өлтіруінен кейін туған. Сол күні Париж маңында наразылық акциясы өтіп, кейін басқа қалаларға да тарады. le Figaro-ның хабарлауынша, шеруге шыққан 421 адам ұсталған.

Ел астанасынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км қашықтықта орналасқан Кламар қаласында коменданттық сағат енгізілді. Ол 23 шілдеге дейін 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін күшінде болады.