жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 18:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Футболға 1 млрд долларды қайдағы бір командадан жеңілу үшін жұмсадық – Қуат «Найман» Хамитов

Футболға 1 млрд долларды қайдағы бір командадан жеңілу үшін жұмсадық – Қуат «Найман» Хамитов
ашық дереккөзі
Футболға 1 млрд долларды қайдағы бір командадан жеңілу үшін жұмсадық – Қуат «Найман» Хамитов
Файтер ұлттық құрама футболшыларын бұған дейін де өткір сынап келген Көпшілік футболдан Қазақстан құрамасының Словениядан жеңілуі трагедия емес деп жатқанда, белгілі файтер, ережесіз жекпе-жек (MMA) балуаны Қуат «Найман» Хаймитов футболшыларымызды сөкті. Еске салайық, ЕУРО-2024 іріктеу ойындары аясында 20 қарашада Қазақстан футболшылары Словениямен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, өз тобында төртінші орын алған Магомед Адиев шәкірттері әр топқа берілетін екі жолдамадан қағылды. Қуат Хамитов болса футболға жұмсаған ақша желге ұшты деп күйініп отыр.
«Біз әлемдік рейтингтің к…тінде тұрған (69-орын) командадан жеңілу үшін футболға 1 млрд доллар жұмсадық. Қоя салыңдаршы!» - деп жазды ол өзінің Instagram-парақшасында. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы келер жылы көктемде Ұлттар Лигасының жартылай финалында өнер көрсетеді. Сол жарыста жеңген командаға Еуропа чемпионатына жолдама беріледі.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар