дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 14:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Футболдан Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы Әзербайжаннан жеңіліп қалды

Футболдан Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы Әзербайжаннан жеңіліп қалды
ашық дереккөзі
Футболдан Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы Әзербайжаннан жеңіліп қалды
Футболдан UEFA Ұлттар лигасы алтыншы турында Қазақстан құрамасы Әзербайжан құрамасымен сынға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат . Айта кетсек, С лигасы үшінші тобында сынға түскен қазақстандық футболшылар бір тур бұрын В дивизионына жолдамаға қол жеткізді. Оған қоса 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына берілетін жолдаманы сарапқа салуға мүмкіндік алды. Соған қарамастан ұлттық құрама бапкері Магомед Адиев ойынға негізінен тәжіриелі футболшыларды қосты. Олардың қатарына бұдан бұрынғы кездесулерге қатыспаған ойыншылар қосылды. Кездесудің бірінші кезеңінде қос құраманың ойын деңгейі қатарлас болды. Ойынның 35-минутында қазақстандық Нұрәли Әліп дөрекі қимылы үшін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Дегенмен одан кейін де алаң иелері біздің қақпадан саңылау таба алған жоқ. Екінші кезеңнің 66-минутында Александр Марочкин өз қақпасына гол соғып алды. Ал 74-минутта әзербайжандық Филип Озобич есепті үстемелесе, Анатолий Нуриев 90-минутта қорытынды есепті белгіледі. Осылайша Қазақстан құрамасы Әзербайжанға 0:3 есебімен жол берді. Айта кетсек, екі құрама бұған дейін 7 мәрте шеберлік байқасты. Оның төртеуінде қазақстандық футболшылар жеңіске жетсе, екеуінде кездесу тең аяқталып, біреуінде әзербайжандық құрама басым түсті.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар