Жаңалықтар

«Футзал ӘЧ»: Қазақстан топтық кезеңдегі екінші кездесуде Ливияны жеңді

Біздің футолшылар қарсылас команданы 4:1 есебімен жеңді

Футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан топтық кезеңдегі екінші матчында Ливияны жеңді – 4:1 деп хабарлайды Jambylinfo.kz.  

Бұған дейін Қазақстан құрамасы бірінші матчта Испаниямен 1:1 есебімен тең түскен болатын. Қазір  Қазақстан төрт ұпаймен D тобында бірінші орынға шықты. Осылайша плей-офф кезеңіне бір табан жақындады. 

Енді Қазақстан енді топтық кезеңдегі соңғы матчын 21 қыркүйекте Жаңа Зеландияға қарсы өткізеді. Топтан 1-2 орын алған құрамалар 1/8 финалға тікелей шығады.

 Айта кетейік, Қазақстан 2021 жылғы әлем чемпионатында 4-орын алған еді. Жартылай финалда Португалиядан, қола медальға таласта Бразилияға жол берген.