Жаңалықтар

Гаитиде жағдай ушығып, БҰҰ Бас хатшысы үндеу жасады

Гаитиде жағдай ушығып, БҰҰ Бас хатшысы үндеу жасады

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Гаитидегі жағдайға алаңдаушылық білдірді. Ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін Гаити үкіметінің елдегі гуманитарлық дағдарысты еңсеру үшін мамандандырылған халықаралық қарулы күштерді жедел орналастыру туралы өтінішін шұғыл түрде қарауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ Жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Оның сөзіне қарағанда, Варрадағы жанармай терминалының бұғатталуына байланысты Гаитидің көптеген аудандарында аурудың тез таралуын болдырмау үшін маңызды қызметтер тоқтатылған. «Ауыз суды жеткізу тоқтатылды. Гаити халқының ең осал топтары тағы да қатты зардап шегеді. Адам өмірін құтқару бірінші кезектегі міндет болуы керек», - деді Антониу Гутерриш.