жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 22:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Гаитиде жанармай тасымалдайтын көлік жарылып, 60 адам қайтыс болды

Гаитиде жанармай тасымалдайтын көлік жарылып, 60 адам қайтыс болды
ашық дереккөзі
Гаитиде жанармай тасымалдайтын көлік жарылып, 60 адам қайтыс болды
Гаитидің солтүстігіндегі Кап-Аитьен қаласында жанармай толтырылған автоцистерна жарылып, мерт болғандар саны 60 адамға жеткен Жарылыс салдарынан тағы 50 адам жарақат алды. Сейсенбі күні Le Nouvelliste басылымы жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап, жарылыс болған аймақта 20 ғимаратқа зақым келгенін хабарлады. Гаити билігі үш күндік Аза тұту күнін жариялады. «Үкімет пен Гаити тұрғындарының атынан қайғылы оқиға салдарынан қаза болғандардың жақындары мен одан зардап шеккендердің туыстарына көңіл айтамын. Ел аумағында үш күндің Аза тұту күні жарияланады»,-деп жазды Гаитидің Премьер-Министрі Ариэль Анри өзінің Twitter-дегі парақшасында. Алдын ала мәліметтер бойынша, автоцистерна жергілікті уақыт бойынша түн жарымында жол бойында аударылып қалған. Оқиға болған жерден өтіп бара жатқандар осы жағдайды пайдаланып, көліктерінің бактарын бензинге толтырып алған. Бір сәтте жарылыс болып, оның салдарынан көптеген адамдар мерт болған және материалдық шығын да келтірілген. Жарылыс салдарынан күйіп қалған 50-ге жуық адам ауруханада жатыр  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар