Жаңалықтар

Гарвард университеті табысы 200 мың долларға дейінгі отбасылардың студенттері үшін білімді тегін етеді

The final spritzer

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Гарвард университеті 2025-2026 оқу жылынан бастап жылдық табысы 200 мың долларға дейінгі отбасылардың студенттері үшін тегін білім беретінін мәлімдеді

Жаңа бағдарлама АҚШ-тағы отбасылардың 86%-ына қаржылық қолдау алуға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Сонымен қатар, жылдық табысы 100 мың доллардан аспайтын отбасылардың студенттеріне университет қосымша шығындарды – жатақхана, тамақтану және медициналық сақтандыруды да толықтай өтейді.

Бұған дейін Гарвард тек табысы 85 мың доллардан төмен отбасыларға ғана тегін оқу мүмкіндігін ұсынатын. Ал 2024 жылы университетте оқу ақысы 82 мың доллардан асқан еді. 

Қаңтар айында қызметіне кіріскен президент Дональд Трамп жоғары оқу орындарындағы теңдік пен инклюзивтілік бағдарламаларын шектейтін жарлықтар қабылдады. Соның нәтижесінде АҚШ университеттері Жоғарғы соттың нәсілдік факторды қабылдау процесінен алып тастау туралы шешімінен кейін білімге қолжетімділікті арттырудың жаңа жолдарын іздеуге мәжбүр болып отыр.