Гарвард университеті Трамп қысымынан кейін 1 млрд долларлық активтерін сатуға мәжбүр
- авторБақытжан Бекболат
- 25 сәуір, 2025
- 316

АҚШ-тың ең беделді оқу орындарының бірі – Гарвард университеті саяси қысым салдарынан өзінің инвестициялық портфелінің бір бөлігін сату туралы келіссөздер жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл келісім Гарвардтың жеке қорындағы инвестициялық акциялармен байланысты. Қазіргі таңда келісімнің нақты шарттары бекітілмеген, тараптар әлі де келіссөз үстінде.
Айта кетейік, Гарвард бұл активтерін сатуға Трамптың билікке келуінен бұрын, 2024 жылы-ақ кірісе бастаған. Алайда 2025 жылы жағдай ушығып, шешімді жеделдетуге тура келді. Себебі, АҚШ Білім министрлігі 15 сәуір күні университетке бөлінетін 2,2 миллиард доллар көлеміндегі гранттар мен 60 миллион долларлық ұзақ мерзімді келісімшарттарды тоқтатқанын мәлімдеді.
Бұл қадам Трамптың Гарвардты "либералды тәртіпсіздіктің орталығы" және "демократияға төнген қауіп" деп айыптауының салдары болды. Ол тіпті университеттің салықтық жеңілдіктерін алып тастауды да ұсынған.
Ұқсас жаңалықтар
Ақтауда психотроптық заттарды заңсыз жарнамалағандар сотталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 шілде, 2025
Қазақстандық фильм Италияда жүлделі болып, Оскарға ұсынылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 шілде, 2025