Жаңалықтар

Германиядағы теракт: Магдебургде 11 адам қаза тапты

Күдікті қамауға алынды.

Германия билігі кемінде 11 адамның қаза тауып, 80-нен астамы жараланғанын мәлімдеді,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Дәрігердің Сауд Арабиясынан келгені мәлім болды.

Неміс баспасөзінің жазуынша, күдікті 50 жастағы саударабиялық дәрігер Германияға 2006 жылы келген. 2016 жылы босқын мәртебесіне ие болған. Ол Бернбургтегі ауруханада психиатр қызметін атқарған.

Bild-тің жазуынша, күдіктінің сілекейінен алынған тест нәтижесі оның есірткі қабылдағанын көрсеткен.

Жүргізушінің адамдарды не үшін қаққаны белгісіз. Полиция өкілінің айтуынша, олар барлық болжамды қарастырып жатыр.