жексенбі, 24 қараша, 2024 14:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Гиннес рекордтар кітабына әлемдегі ең қымбат балмұздақ енгізілді

Гиннес рекордтар кітабына әлемдегі ең қымбат балмұздақ енгізілді
ашық дереккөзі
Гиннес рекордтар кітабына әлемдегі ең қымбат балмұздақ енгізілді
«Ақ түн» деп аталатын мұздатылған десерт – бьякуьяның құны қазіргі уақытта 880 мың иен немесе 6380 долларды құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап. Гиннес рекордтар кітабына бұл балмұздақ әлемдегі ең қымбат тәтті ретінде енгізілген. Жапонияның балмұздақ шығаратын Cellato брендінің веб-сайтында «ақ түн» джелатто деп жазылған. Бұл оның италиялық асханаға қатысын меңзейді. Десерт қоспаларының бірі – ақ трюфель. Ол Италияның Альба қаласында өндіріледі, бір келісі 2 млн иен немесе 14500 долларға дейін жетеді. Балмұздақтың беті жеуге болатын «алтын» жапырақтармен, ірімшіктің екі түрімен және «Сакекасумен» - сакені дайындау процесі кезінде алынатын паста тәрізді қоспамен безендіріледі. Cellato компаниясы өкілінің айтуынша, десерттің құрамын ойлап шығаруға 1,5 жыл кеткен. Мұндағы миссия дәмді қымбат десерт дайындау ғана емес, сондай-ақ аспаздық саяхат. Яғни еуропалық қоспаларды дәстүрлі жапон тағамдарымен үйлестіру. Cellato веб-сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, десертті Жапонияда сатып алуға болады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар