Головкин әлем чемпионымен жекпе-жек туралы келіссөз жүргізуде
Головкин әлем чемпионымен жекпе-жек туралы келіссөз жүргізуде
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жыл соңында жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жекке шығуды жоспарлап отыр. Алғашқы болып бұл жаңалықты DAZN тілшісі Крис Мэнникс хабарлаған: «Дереккөздер мәліметінде, Головкин мен Муратаның өкілдері Жапонияда бірлескен жекпе-жек өткізу туралы талқылау жүргізген. Жекпе-жек желтоқсанның аяғына, Жаңа жыл және Жапониядағы бокс күні қарсаңына жоспарлануда». Кейін бұл ақпаратты Головкиннің промоутері Эдди Хирн растады: «Геннадий Муратамен жекпе-жекті 31 желтоқсанға жоспарлап отыр». Сонымен қоса Хирн Головкиннің бұған дейін америкалық Деметриус Андрадемен (30-0, 18 КО) тағы бір бірлескен жекпе-жек өткізетініне сенім білдірді.