жексенбі, 6 қазан, 2024 19:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Головкин мен «Канело» Айдос Ербосынұлына қолдау көрсетті

Головкин мен «Канело» Айдос Ербосынұлына қолдау көрсетті
ашық дереккөзі
Головкин мен «Канело» Айдос Ербосынұлына қолдау көрсетті
Супер орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альварес ауыр нокаут алып ауруханаға түскен Айдос Ербосынұлына қолдау көрсетті. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин де отандасының тезірек айығып кетуіне тілестестік білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz ресурсына сілтеме жасап. Айта кетейік, Айдос Ербосынұлы осы жылдың көктемінде Саулm Альварестің спарринг-серігі болған. «Денің сау болсын, тезірек жазылып кет, Айдос. Туыстары мен жақындарына сабыр берсін», - деп жазды Геннадий Головкин Instagram «сторисіне». Еске сала кетейік, өткен демалыс күндері супер орта салмақта WBA нұсқасы бойынша «тұрақты» әлем чемпионы титулы үшін өткен жекпе-жекте Ербосынұлы кубалық Давид Моррельден ауыр нокаут алып, жеңіліп қалған болатын. Кейіннен ауруханаға жеткізілген Айдостың жасанды комада жатқаны белгілі болды. Күні кеше ғана оның комадан шыққаны хабарланған еді. Дәрігерлердің айтуынша, Айдостың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар