жексенбі, 13 қазан, 2024 5:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Головкин үздік он боксшының қатарына қосылды

Головкин үздік он боксшының қатарына қосылды
ашық дереккөзі
Головкин үздік он боксшының қатарына қосылды
Геннадий Головкин әлемнің үздік боксшылары рейтингінде сегізінші орынға көтерілді. BoxRec.com әлемнің үздік боксшыларының тізімін жариялады. Бұл туралы Fighter Channel Telegram-арнасы хабарлады. Бірінші орында мексикалық Сауль Альварес, екінші орында АҚШ өкілі Теренс Кроуфорд тұр. Мықтылардың үштігіне ресейлік Дмитрий Бивол кірді.  Ал Геннадий Головкин сегізінші орынға жайғасты. BoxRec варианты бойынша 2022 жылдың тамыз айындағы pound-for-pound боксшыларының рейтингі төмендегідей: 1. Сауль Альварес (Мексика); 2. Теренс Кроуфорд (АҚШ); 3. Дмитрий Бивол (Ресей); 4. Тайсон Фьюри (Ұлыбритания); 5. Александр Усик (Украина); 6. Эррол Спенс-кіші (АҚШ); 7. Наоя Иноуэ (Жапония); 8. Геннадий Головкин (Қазақстан); 9. Шакур Стивенсон (АҚШ); 10. Деонтей Уайлдер (АҚШ). Геннадий Головкин мен Сауль Альварес 17 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында (АҚШ) үшінші жекпе-жек өткізеді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар