Грекияда 5,0 балдық жер сілкінісі болды

Бұл туралы Еуропалық-жерортатеңізі сейсмология орталығы хабарлады
Грекияның теңіз жағалауында магнитудасы 5,0 балдық жер сілкінісі тіркелді. - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сейсмикалық дүмпудің эпицентрі Тира аралының маңында, Ия қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 14 шақырым тереңдікте болған.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.